09-10-19 |
930 рет қаралған
Алматы облысында «Формула – 1» арналған жол 74 млрд теңгеге салынып жатыр.
Алматы облысында «Формула – 1» арналған жол 74 млрд теңгеге салынып жатыр

Алматы облысы Іле ауданында 74 млрд теңгеге «Формула – 1» спорттық жарыс көліктеріне арналған жол салынып жатыр. Алматы облысының әкімі Амандық Баталов ерекше жоба деп маңыз берген бұл жолдың құрылысы жақында аяқталатын көрінеді. Соңғы кезде Алматы облысы осындай қымбат тұратын «ерекше» жобалармен көзге түсіп жүр. Мәселен, кеше ғана Алматы-Талдықорған тасжолының бойында 23 миллион теңгеге салынған аялдаманың жұмыс істемей, жабық тұрғаны мәлім болған. Облыста ауданаралық, ауыл іші жолдарының да әлі күнге сын көтермейтіні белгілі. Мысалы, Алакөлге жаз сайын демалысқа баратын жұртты жол мәселесі қинап келе жатқанына талай жыл болды. Ал Амандық Баталов «Формула -1» спорт көліктеріне жол салып әуре.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.