24-01-20 |
970 рет қаралған
Алматы облысында жоғалды делінген екі оқушы Алматыдан табылды.
Алматы облысында жоғалды делінген екі оқушы Алматыдан табылды

Кеше Алматы облысы, Ескелді ауданында таңертең мектепке шығып кетіп, сол күйі мектепке бармай, жоғалды делінген екі оқушы қыз Алматы қаласынан табылды. Бұл туралы аудандық білім басқармасы таратқан баспасөз мәлімдемесінде айтылады.

«Ескелді аудандық ішкі істер бөлімі қызметкерлерінің жедел іздестіру нәтижесінде 2020 жылы 23 қаңтар күні түңгі сағат 02-45 Алматы қаласы, Ақсай 1 «А» шағын ауданының № 22 пәтерінен табылды. Оқушы қыздардың айтуы бойынша, олар Алматы қаласына қызығушылық танытып келген. Алматы қаласына такси арқылы барып, жоғарыда айтылған мекен-жайда хабарлама арқылы пәтерді жалға алып, түнеп шыққан. Қазіргі таңда оқушы қыздардың денсаулығына ешқандай зиян тимегені анықталып, ата-аналарымен қауышты» делінген таратылған ақпаратта.

Екі оқушы қыз бала 21 қаңтарда таңертең мектепке шыққан. Сол бойы ұшты-күйлі жоғалып, іздеу жұмыстары басталған еді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.