31-08-21 |
640 рет қаралған
Алматыда қызметкерін қуалап жүріп сабаған полицей жұмыстан шығарылды.
Алматыда қызметкерін қуалап жүріп сабаған полицей жұмыстан шығарылды

Алматы қаласы Наурызбай ауданы полиция басқарма бастығының орынбасары Қанат Жақыпбаев қарамағындағы қызметкерді ұрғаны үшін ішкі істер органдарынан шығарылды.

 

Бұл туралы қалалық полиция басқармасы мәлімдеді.

Бөлім бастығы Қанат Тимерденовтің айтуынша, ақпарат түскеннен кейін шұғыл түрде полиция бөлімінде тәртіптік комиссия өткізілген.

«Комиссияның шешімімен Наурызбай аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары полиция майоры Жақыпбаев полиция бөлімінің беделіне нұқсан келтіретін және мемлекеттік қызметкерлердің этикалық кодексінің нормаларын бұзған әрекет жасағаны үшін ішкі істер органындағы қызметінен босатылды», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, бұл бөлімнің бірнеше басшысы қызметтерінен босатылды.

Ішкі қауіпсіздік басқармасы Қылмыстық кодекстің 362-бабы «Билік немесе қызметтік өкілеттіктерді асыра пайдалану» бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне фактіні тіркеді. Бұл үшін мүлкін тәркілеумен 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Еске салайық, азаматтық киімдегі полицейдің қоластындағы қызметкерді қуып жүріп сабаған видеосы желіде жарияланған болатын. 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.