17-03-21 |
430 рет қаралған
Алматыда шектеу шаралары күшейеді.
Алматыда шектеу шаралары күшейеді

Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин 20 наурыздан бастап күшіне енетін жаңа қаулыға қол қойды. Қалада эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауымен байланысты карантиндік шектеулер енгізіледі, деп хабарлайды Arasha.kz.

Жаңа құжатта білім беру орталықтарының жұмысы, мәдени нысандардағы репетиция, цирк, театр, кинотеатр, концерт залдарының жұмысына тыйым салынғаны туралы жазылған.

Сонымен қатар, эпидемиологтар тұрғындарға «Медеу» мұз айдынында жаппай сырғанауға рұқсат жоқ екенін ескертеді.

«Алматы қаласында эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауы, тәулігіне 300-ден астам жағдай тіркелуі, қызыл аймаққа енуге байланысты коронавирус инфекциясының таралуын оқшаулау мақсатында қаулы қабылданып отыр», – делінген Бекшин жарияланған қаулыда.

Қоғамдық көлік жұмыс кестесі:

  • жұмыс күндері – штаттық режимде;
  • демалыс, мереке күндері – 6.00 – 10.00; кешке – 17.00 – 22.00 болып өзгереді.

Құжаттың толық нұсқасымен мына жерден таныса аласыз.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.