13-05-24 |
4270 рет қаралған
«Семей орманындағы» өрт: Резерват басшылығы сотталды.
«Семей орманындағы» өрт: Резерват басшылығы сотталды

Абай облысындағы «Семей орманы» табиғи резерватында болған ірі орман өртіне қатысты сот үкімі шықты. Резерваттың екі қызметкері өртті өшіру жұмыстарын тиім ұйымдастыра алмады деп айыпталды.

Абай облысы Бородулиха аудандық соты «Семей орманы» мемлекеттік табиғи резерватының екі қызметкеріне қатысты үкім шығарды, деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Орман өрті кезінде сотталғандар өрт сөндіруді ұйымдастыру бойынша өз міндеттерін орындамаған, жағдайды дұрыс бағаламаған және сөндіру кезінде қауіпсіздік шараларын сақтамаған, соның салдарынан 14 адам қаза болған.

Жеңілдететін мән-жайлар ескеріліп, олар жеті жылға бас бостандығынан айырылды.

2023 жылдың маусым айында Абай облысындағы ірі орман өрті кезінде «Семей орманы» резерваты Новошульбі филиалының 14 орманшысы қаза тапты.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.