Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Оқиға

Жезқазғанда үш жасөспірім балалар алаңын өртеп жіберген (ВИДЕО)

Жезқазғанда үш жасөспірім балалар алаңын өртеп жіберген (ВИДЕО)
Фото: коллаж arasha.kz

Жезқазған қаласында үш жасөспірім балалар ойын алаңын өртеп жіберді. Бұл оқиға 7 шілде күні таңғы сағат 4 шамасында болған, деп хабарлайды @etozhez Telegram арнасы.

Оқиға салдарынан балалар алаңындағы бірнеше нысан — бағандар, баспалдақтар мен орындықтар жанып кеткен. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, құқықбұзушылық жасаған кәмелетке толмағандардың ата-аналары жауапкершілікке тартылған.

Қазіргі таңда өрттің шығу себебі мен келтірілген материалдық шығын көлемі анықталуда. Тиісті органдар жасөспірімдердің бұл әрекетіне құқықтық баға беретін болады.