Logo
Іздеу
Айдарлар

Павлодарда немерелерін велосипедпен қыдыртып жүрген әже қаза тапты.

/
Павлодарда немерелерін велосипедпен қыдыртып жүрген әже қаза тапты.

Оқиға 7 шілдеге қараған түні Орталық жағалауда болған. Қайғылы жағдай кезінде велосипедте оның қызы мен үш немересі де отырған.  Бұл туралы Павлодар облыстық полиция департаменті хабарлады.

Полицияның мәліметінше, жасы келген әйел төрт дөңгелекті велосипедпен қызы және үш немересімен бірге серуендеп жүрген. Алайда төменге түсу кезінде рөлге ие бола алмай, велосипед қатты жылдамдықпен темір қоршауға соғылған.

«Қатты соққының салдарынан зейнеткер әйел оқиға орнында көз жұмды. Қызы мен үш немересі түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді», – делінген полиция хабарламасында.

Қазіргі таңда құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Серіктес жаңалықтары