Logo
Іздеу
Айдарлар

Кәмелетке толмаған қызға тиіскен – Алматыда зейнеткерді соққыға жықты

/
Кәмелетке толмаған қызға тиіскен – Алматыда зейнеткерді соққыға жықты
Фото: ашық дереккөзден алынды

Алматыда қоғамдық көлікте зейнет жасындағы жолаушыны ұрып-соғу дерегі қоғамда үлкен резонанс тудырды. Әлеуметтік желіде тараған видеода жас жігіттің автобус ішінде егде жастағы ер адамды бірнеше рет ұрғаны бейнеленген. Куәгерлердің айтуынша, жанжал көлік сыртында да жалғасқан – күдікті зейнеткерді таспен соғуға тырысқан.

Алматы қалалық Полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты пікір білдіріп, құқықбұзушы азаматтың ұсталғанын мәлімдеді. Алайда соққыға жығылған қарияның нақты қайда екені әзірге белгісіз.

«Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы, соның ішінде жәбірленушінің орналасқан жері анықталып жатыр. Тергеу жүргізіліп, күдіктінің әрекетіне құқықтық баға беріледі», – делінген полиция хабарламасында.

Бұған қоса, алдын ала деректер бойынша жанжалға қарияның өзін дұрыс ұстамауы себеп болуы мүмкін. Куәгерлер мен күдіктінің жұбайының айтуынша, зейнеткер автобустағы кәмелетке толмаған қыз балаға тиіскен. Ал ұсталған азамат өз қарындасын қорғағанын жеткізген.

Оқиға қоғамда қызу талқыға түсіп, қарт адамдардың мінез-құлқы мен қоғамдық ортадағы қауіпсіздік мәселесіне қатысты түрлі пікірлер туғызуда. Полиция тергеу қорытындысы бойынша қос тараптың әрекетіне қатысты нақты шешім қабылдайтынын хабарлады.

Серіктес жаңалықтары