Logo
Іздеу
Айдарлар

Астанада арнайы жасақ ер адамды жол үстінде ұстады (Видео)

/
Астанада арнайы жасақ ер адамды жол үстінде ұстады (Видео)

Астанада көшенің қақ ортасында арнайы жасақ өкілдері көліктен ер адамды мәжбүрлеп түсіріп, ұстап жатқан видеосы тарады. 

Оқиға сәті түсірілген бейнежазба Instagram желісінде тарады. Видеодан формалы бірнеше адамның ер адамды тура жолдың үстінде ұстап жатқанын көруге болады. Полиция қызметкерлері алдымен оны тізерлетіп отырғызып, кейін жерге жатқызып, қолына кісен салған.
Астана қалалық полиция департаменті бұл жағдайға қатысты түсініктеме берді. Белгілі болғандай, ер адам алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталған.

«Полиция қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікпен азаматты ұстады. Қазіргі уақытта ол Астана қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚК 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», — деп хабарлады полиция өкілдері.
 

Серіктес жаңалықтары