20-08-20 |
410 рет қаралған
«Басымды қатырмаңдар!» деген бас санитар дәрігерге қатаң сөгіс беруді сұрады.
«Басымды қатырмаңдар!» деген бас санитар дәрігерге қатаң сөгіс беруді сұрады

Алматы облысының этика бойынша кеңесі кеше Алматы облысының бас санитар дәрігері Ерғали Сыдымановтың  (суретте) өткендегі облыс тұрғындарымен кездесудегі іс-әрекетін қарап, денсаулық сақтау министрлігіне оған қатаң сөгіс беру туралы ұсыныс жасаған. Бұл туралы Талдықорған қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Нұр Қанатұлы хабарлады. 

«Біріншіден, ол кінәсін толық мойындап, қала және облыс тұрғындарынан кешірім сұрады. Екіншіден, видеода балағат сөз, жеке адамның намысына тию, қол жұмсау болмаған. Үшіншіден, ол денсаулық сақтау саласында үлкен тәжірбиесі бар кәсіби маман. Оған екінші мүмкіндік берілуі керек деп есептеймін. Ол әлі облыс пен тұрғындарға жақсы қызмет етеді. Егер біз әркімді сондай іс үшін жұмыстан қуа берсек, мемлекеттік қызметте ешкім жұмыс істемейді.  Мен жақында мемлекеттік қызметке белсенді азаматтарды, блогерлерді, кәсіпкерлерді шақырдым. Бірақ олар бас тартты. Өйткені мұндай жұмыс көп екенін және оңай емес екенін біледі. Мемлекеттік қызметте негізінен қарапайым азаматтар, қарапайым тұрғындар істейтінін ескеріңіздер!, – деп жазады Нұр Қанатұлы.

View this post on Instagram

Вчера состоялось очередное заседание Совета по этике Алматинской области, где рассматривалось дело по инциденту с Главным государственным санитарным врачом Алматинской области – Ергали Сыдыманова. В итоге Совет по этике рекомендовал министру здравоохранения РК наложить на него дисциплинарное взыскание в виде строгого выговора. Я считаю это оптимальным, адекватным и справедливым решением, хотя многие хотели чтобы его уволили. Во-первых, он полностью признал свою вину и попросил прощения у жителей нашего города и области. Во-вторых, на видео не было никакой нецензурной брани или оскорбления личности, тем более не было рукоприкладства. В-третьих, он является профессионалом своего дела, с огромным опытом и стажем работы в сфере здравоохранения. Считаю, что надо дать ему шанс, он ещё принесёт много пользы нашей области, нашим жителям. Если мы каждого будем увольнять за такое, то у нас некому будет работать на госслужбе. Я недавно звал на госслужбу многих наших гражданских активистов, общественников, блогеров, предпринимателей, но они отказались, потому что прекрасно знают, что здесь работы очень много и что она нелёгкая. Учтите то, что на госслужбе в основном и в большинстве работают простые граждане, простые жители. А работать надо – иначе без управления и контроля будет хаос, бардак и беспредел. В общем как-то так. Готов обсудить и подискутировать с вами этот кейс ниже в комментариях. Спасибо.

A post shared by Nur Kanatuly (@nur.kanatuly.kz) on

Бұған дейін денсаулық сақтау министрлігі: «“Ерғали Сыдыманов арыз-шағым айтып келген Талдықорғандық кәсіпкерлермен кездесу кезінде дөрекі сөйлеген. Бейне жазба әлеуметтік желіде желден де жылдам тарап, қоғамның қызу талқысына түсті. Бұл жағдайға Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айрықша назар аударды. Ведмоства басшысы Алматы облысы бас санитарының халық алдындағы құрметсіз қылығын мемлекеттік қызметшіге тән емес деп бағалады. Осыған байланысты Ерғали Сыдымановқа қатысты қызметтік тексеру жүргізуді бастауды тапсырды. Мәселенің ақ-қарасы анықталып, нақты бағасы берілген соң оның нәтижелері туралы Денсаулық сақтау министрлігінің Медиа-орталығы ресми сайтта және әлеуметтік жілелерде жариялайды” деген еді. 

Сыдымановқа қатысты денсаулық сақтау министрлігінің қандай шешім қабылдайтыны әзірге белгісіз.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.