27-07-20 |
940 рет қаралған
Талғар ауданының әкімі пневмониядан көз жұмды.
Талғар ауданының әкімі пневмониядан көз жұмды

Фото: әкімдік

Алматы облысы Талғар ауданының әкімі Жолан Омаров пневмониядан көз жұмды. Бұл туралы kris_p_talgar инстаграмм парақшасында жазылған.

«Сенгің келмейтін қайғылы жағдай, бірақ өкінішке қарай бізден өте жақсы адам, әкім кетті. Ол қысқа уақытта біздің ауданға көп жақсылық жасап еді.

Қазаның себебі – пневмония. Соңғы екі аптада ауруханада жатқан еді. Жасы небәрі 41-де» делінген қаралы хабарда.

Жолан Омаров Талғар ауданының әкімі болып былтыр 13қыркүйекте тағайындалған. Ол 1979 жылы 7 шілдеде дүниеге келген. Марқұмның артында төрт баласы мен аяулы жары қалды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.