18-03-21 |
500 рет қаралған
Тоқаев «Алтын орда» жол құрылысын сынға алды.
Тоқаев «Алтын орда» жол құрылысын сынға алды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласын одан әрі дамыту мәселелері жөніндегі кеңес өткізді. Онда «Алтын орда» жолайрығын тездетіп аяқтау мәселесі де көтерілді.

Бұл туралы «Arasha.kz» ақпараттық-құқықтық порталы Ақорда сайты дерегін негізге ала отырып хабарлайды.

«Баяғы жартас – бір жартас». Мысалы, «Алтын Орда» базарының алдынан өтетін жол ұзын-сонар көлік кептелісінен көз ашпайды. Бұл – әсіресе, қала іргесіндегі елді мекен тұрғындары үшін ең өзекті мәселенің бірі. Мұны жұртшылық қала әкіміне талай рет айтқан. «Алматы – Бішкек» тас жолының осы жерден өтетін бөлігі былтыр салынып бітуге тиіс болатын. Қажетті қаражат толық бөлінген. Бірақ әлі нәтиже жоқ », – деді Мемлекет басшысы.

Осылайша, қажетті қаражат толық бөлінсе де әліге нәтиже шықпағанына таңғалысын жасыра алмаған Президент аталған жобаға жауапты деген шенділерге ескерту жасады.

«Асқар Ұзақбайұлы, Алматы және Алматы облысының әкімдерімен бірлесе отырып, «Райымбек – Алматы» учаскесінің құрылысын осы жылдың соңына дейін аяқтауды тапсырамын», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар, ол жол құрылысы үшін республикалық бюджеттен қаражат бөлудегі сорақылықты да атап өтті.

«2021 жылы Абай даңғылын бөлуді аяқтау үшін республикалық бюджеттен бөлінген қаражатқа екі миллиард теңге мөлшерінде қосымша қаржы керек екені анықталып отыр. Барлық шығынды бірден нақты жоспарлауға болмай ма? Әлде мұның басқа бір себептері бар ма?»,– деді Тоқаев.

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.