10-06-20 |
540 рет қаралған
Ұйғыр ауданындағы мәселеден кейін бес адам қызметінен кетті.
Ұйғыр ауданындағы мәселеден кейін бес адам қызметінен кетті

Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалмұрат Жүкел Ұйғыр ауданындағы қалыптасқан ахуалға байланысты құрылған комиссия жұмысының ресми байламын жариялады. Нәтижесінде ауданда болған жағдай кесірінен бес адам жұмысынан кетті.

«Ұйғыр ауданындағы мәселеге қатысты облыстық комиссия құрылып, өңірде жұмыс жүргізді. Нәтижесінде, Ақтам орта мектебінің директоры Измахунов Октябрь Турганович, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қапсаламов Мұқаметқали, сонымен бірге, аталмыш мектептің биология пәнінің мұғалімі Кахарова Түрдибуви қызметінен босатылды. Бұдан бөлек, Ақтам ауылдық округі әкімі аппаратының спорт жөніндегі әдіскер-нұсқаушысы Камаев Сабиржан Суняцунович және Тиірмен ауылдық округі әкімі аппаратының жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушысы Якярова Умида қызметінен кетті. Алдағы уақытта аталған жайттардың қайталанбас үшін облыстық комиссия мүшесі, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылық меңгерушісі Ғабит Тұрсынбай аудан белсенділерімен жүздесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Аудан халқы «бір құмалақтың» кесірінен тұтас өңірге сөз тигенін алға тартып, мұндай келеңсіз жайттың орын алғанына өкініштерін білдірді» деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Бұған дейін Ұйғыр ауданындағы оқытушы мен мемлекеттік қызметкердің  жазғандары әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен еді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.