2025 жылы 3 маусым мен 3 шілде аралығында «Алма-Арасан» автотұрағынан бастап термалды бұлаққа дейінгі туристік маршрут уақытша жабылады. Бұл шектеуге «Қыздың көз жасы» сарқырамасы мен «Терра» алаңқайы да кіреді.
Шектеу қауіпсіздік пен жайлылықты арттыруға арттыруға бағытталған маршрутты қайта жаңғыртудың екінші кезеңімен байланысты.
Жоба аясында көпірлерді бұзу, жаңалау, соқпақтарды жаңарту, баспалдақтар мен көріктендіру нысандарын орнату жоспарланған. Бұған дейін, 12 мамырдан бастап дайындық жұмыстары жүргізілген: беткейлер тазартылып, қорғаныс құрылымдары орнатылып, маршрут күшейтілген.
Маршрут жұмыс, демалыс және мереке күндері де толықтай жабық болады. Жұмысты 31 шілдеге дейін (ауа райына байланысты өзгерістер болуы мүмкін) аяқтау жоспарланып отыр.
Жоба заманауи, қауіпсіз әрі экологиялық таза туристік маршрутты қалыптастыруға бағытталған.
Алматы тұрғындары мен қонақтарына сапарын жоспарлау кезінде бұл шектеулерді ескеруге кеңес беріледі.