07-10-20 |
460 рет қаралған
5 жасар қызды зорлады деген күдікті тергеу абақтысында асылып қалды.
5 жасар қызды зорлады деген күдікті тергеу абақтысында асылып қалды

Қарағанды облысының Сәтбаев қаласында бес жасар қызды зорлады деп айыпталған ер адам тергеу абақтысында асылып қалған. Мұндай мәліметті Instagram желісіндегі Патриот Караганды парақшасы жариялады. Ақпаратты Қарағанды облысы бойынша ҚАЖ департаменті де растап отыр. «6 қазанда Қарағанды қаласындағы тергеу изоляторында кішкентай қызды зорлағаны үшін қамауға алынған күдіктінің өлі денесі табылды. Жедел жәрдем қызметі оның қайтыс болғанын анықтады. Мамандар өлімнің себебі өз-өзіне қол жұмсау деп отыр. Қайтыс болған адамның денесінен ешқандай жарақат анықталған жоқ», – деді ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, Сәтбаев қаласының жұрты бес жасар қызды ұрлаған 62 жастағы жігітті сотсыз жазалаймыз деп наразылық білдірген еді. Тұрғындар жоғалып кеткен 5 жасар қызды қаладағы пәтерлердің бірінен тапқан болатын.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.