Қарағанды қаласында он бір көшенің атауы өзгермек. Көше атауын өзгерту туралы қоғамдық талқыға адам көп жиналған. Жергілікті қоғам белсендісі Айсұлтан Жақыптың жазуынша, төмендегі көшелердің атауы өзгереді.
Қарағандыдағы өзгеретін көшелер тізімі:
Ленин көшесі – Абай Құнанбаев
Приканальная – Сарыарқа
Кривогуза – Қасым Аманжолов көшесі
Защитная – Григорий Потанин
Зональная – Александр Затаевич
Олимпийская – Нарманбет Төлепов
Волочаевская – Дүйсембеков Камали Жұматайұлы
Кувская – Нұржанов Қазыбек Бейсенұлы
Нұржанов көшесі – Мерей
Аманжолов – Балқантау.
5 қаңтарда Қарағанды қаласы әкімшілігі идеологиялық тұрғыдан ескірген 11 көшенің қайта атауы бойынша қоғамдық тыңдау өтетінін хабарлаған еді.
Қоғамдық тыңдаудан соң, атауы өзгеретін көшелер қала мәслихатының қарауына беріледі.
Қала әкімшілігі бүгінгі қоғамдық тыңдаудан әзірге ресми хабар таратқан жоқ.
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024