10-02-21 |
810 рет қаралған
Қарағандыда кассирге бензин шашып, ақша талап етті.
Қарағандыда кассирге бензин шашып, ақша талап етті

Қарағандыда белгісіз екі адам микрокредиттік ұйымға қарақшылық жасады. Медициналық бетперде кигендер кассирге бензин шашып қорқытқан. Күдіктілер ұсталған жоқ.

9 ақпан күні тіркелген  қарақшылар шабуылына қатысты оқиға видеосы Тemirtau.times Instagram парақшасына жарияланды.

Кассирге бөтелге құйылған сұйықтық шашып «Баспа, тез, тездет, бәрін бер, өртеймін» деп айқайлаған ер адам микрокредиттік ұйымды тонап кеткен.

«Медициналық бетперде киген белгісіз екі адам микрокредиттік ұйымдардың біріне келіп, 28 жастағы кассир қызға бензин шашып, ақша беруін талап еткен. Кассир оларға 120 мың теңге берген», – делінген хабарламада.

Аталған факт бойынша қарағандылық полицейлер Қылмыстық кодекстің 192-бабы «Қарақшылық» бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдіктілерді анықтап, ұстауға арналған жедел топ құрылды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.