24-02-21 |
640 рет қаралған
Қарағандыда қарызын қайтармақ болғандар адам ұрлады.
Қарағандыда қарызын қайтармақ болғандар адам ұрлады

Қарағандылық полицейлер ер адамды ұрлап кеткен күдікілерді қолға түсірді. Олар мұндай әрекетке қарызды қайтару үшін барғанын айтқан.

Қарағанды облыстық полиция департаменті мәліметінше, оқиға 21 ақпанда тіркелген. Белгісіз біреулер 34 жастағы ер адамды Toyota маркалы автокөлігіне мәжбүрлеп отырғызып, алып кеткен.

Полицейлер ізін суытпай бағдарда тұрған көлікті анықтады. 25 және 33 жастағы екі күдікті мен ұрланған адам ұсталды. 

Екі күдікті өз қылмысын мойындады. Олардың айтуынша, жәбірленушінің ақшалай қарызы олардың іс-әрекеттерінің себебі болған.

Қылмыстық кодекстің 125-бабы «Адам ұрлау» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл баптың санкциясы – төрт жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру.

Тергеу жүргізілуде.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.