14-11-20 |
1250 рет қаралған
Қарағандыдағы Ленин көшесі Абай Құнанбайұлы көшесі болып ауыстырылды.
Қарағандыдағы Ленин көшесі  Абай Құнанбайұлы көшесі болып ауыстырылды

Қарағанды қаласының орталығындағы ең үлкен даңғылдың бірі – Абай Құнанбайұлының атымен аталды. 12 қарашада Ленин көшесінің Абай Құнанбайұлы атына ауыстырылуының ресми салтанаты өткен.

Жыл басында қоғамдық тыңдау кезінде қала халқының 98 пайызы Ленин көшесін Абай атына ауыстыруды қолдап, дауыс берген болатын.

Қарағандыдағы басты көшенің бірі – Ленин көшесі ұзақ жылдардан бері  қоғамдық дау болып, қанша әкім ауысса да Ленин көшесін ауыстыру шешімі табылмастай шаруаға айналған еді. Алайда, орталық Қазақстандағы ішкі саясаттың маңызды бағыттарының бірі – ономастика мәселесі биылғы жылдың екінші жартысынан бастап шешімін таба бастады.

Сондай-ақ Қарағанды облысы Абай ауданында Абай Құнанбайұлының ескерткіші ашылды.

Биыл Қазақстандағы ішкі саясаттағы идеологиялық тарапта Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орайластырған біршама жұмыстар атқарылды. Оның қатарына тұңғыш рет Ақтөбеде Абай Құнанбайұлының ескерткішінің ашылуын атап айтуға болады. Ленин көшесінің Абай Құнанбайұлының атына ауыстырылуы да осы қатарға жатады. Ішкі саясаттағы идеологиялық-ономастикалық мұндай мәселелер елдің ішкі саясатына жауапты лауазымды тұлғалардың табанды әрекетінің жемісі деуге әбден болады. Әйтпесе, Қарағанды, Ақтөбе облыстарында Абай ескерткіштерінің орнауы, көше берілуі бұған дейінгі әкімдер мен ішкі саясатқа жауапты лауазымды адамдар тұсында жүзеге аспаған еді.

фото: saryarqanews.kz

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.