20-02-21 |
570 рет қаралған
Қарағандылық полицей екі күн қырда жүрген жасөспірімді ата-анасымен қауыштырды (видео).
Қарағандылық полицей екі күн қырда жүрген жасөспірімді ата-анасымен қауыштырды (видео)

Қарағандыда қырға шығып, екі күн бойына адасып жүрген жасөспірімді полиция инспекторлары тапты. Түнімен қасқырдың ұлығанын естіген бозбала ғажайыптың күшімен аман қалды.

Қарағандылық учаскелік полиция инспекторының далалықта жоғалған баланы қалай тапқаны және кездесуден қуанышты видео Polisia.kz сайтына жарияланды.

Нәтижелі іздеу жұмысын 16 ақпан күні болған.

Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының полиция бөліміне 14 ақпанда қыстақтардың бірінен 16 жастағы жасөспірімнің шығып кетіп, қайтып оралмағаны туралы хабарлама түскен. Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасын ұйымдастырып, бірден күштік құралымды жасөспірімді іздеуге жұмылдырды.

Белгілі болғандай, жасөспірімді ата-анасы екі күн бойы өз күштерімен іздеген.

Іздеу шараларына Жаңаарқа ауданы Бидайық кентінің учаскелік полиция инспекторы Жұбаныш Жүнісбеков те жұмылдырылған. Учаскелік полиция инспекторы тұратын ауыл бала жоғалған Ақтау ауылынан 150 шақырым қашықтықта орналасқан.

Учаскелік полицей іздеуге үш топтың автокөліктермен аттанғанын, ал ол өзінің серігі Жаңаарқа ауданының ПБ уақытша ұстау изоляторының қызметкері Ками Ускенбаев екеуінің атпен шыққандарын жеткізді.

«Ол жерлер тау-тасты болғандықтан аттармен іздеу оңайырақ болды. Біз баланың ата-анасының үйінде болғанда олардың қаншалықты үміттерін үзгенін көрдік, олар тану үшін баланың киімінің қалдығын немесе мәйітін табуды сұрады. Далалықта қасқырлар бар, ал жасөспірім бала екі күннен бері жалғыз, оны тірідей табу ғажайыпқа тең еді.

Іздеу жұмыстары таңда басталды. Кейбір жерлерде аяқ киім іздері кездесті, бірақ іздеу жұмыстары бізге дейін де жүргізілгендіктен, бұл ауыл тұрғындарының іздері болуы әбден мүмкін еді. Сондай-ақ жоғалған бала камуфляжды киім кигендіктен, бұл іздеу жұмыстарын одан әрі күрделендірді», – дейді Ж.Жүнісбеков.

Күн аяз әрі желді болғандықтан, іздестіру жұмысын қиындатқан.

«Атпен жүріп, оны атымен айғайлап шақырдық. Біз өз жаңғырығымызды естіп жүргендіктен, қиын болды. Серігіміз екеуміз әрбір тасты, шөмелені зерттедік, баланы байқамай қалмайтынымызға сенімді болуымыз керек еді. Кеш батып келе жатты, күн батқаннан кейін мұнда іздеу мүмкін емес болатын. Байланыс болған жоқ, бағдарымыздан жаңылдық, алайда біз қараңғы батқанша іздеуді жалғастыра бердік. Тастармен жүру аттарға қиын болды, біз аттан түсіп, кездескен шөмелені тексеруге бардық. Сол жерде біз оның күртешесін көрдік», – деді учаскелік полицей.

Жұбаныш Жүнісбеков сол сәтте өз жүрегінің дүрсілін естімей қалғанын есіне алады. Жақындап келіп, ол баланың тірі екенін байқаған. Жасөспірім ызғарлы желден ықтасын іздеп, жерде тастардың арасында жатқан.

«Біздің қандай күйде болғанымызды айтып жеткізе алмаймын. Біз оны көтеріп алып, құшақтап, қол-аяғын ысқыладық, атын атап жаттық. Бала үнсіз тұрды. Ол шок жағдайында болды, себебі ол біздің кім екенімізді, оны қалай тапқанымызды түсінбей тұрды. Алғашқы жарты сағатта біз оған бір ауыз сөз де айтқыза алмадық. Ол тіпті қорқыңқырап тұрды. Артынан ол бізді галлюцинация екен деп ойлағанын айтты», – деді Жұбаныш.

Жасөспірім өзінің далалықта адасып қалғанын және айналшықтап ұзақ жүргенін айтты. Ол тек түнде ғана шаршағандықтан, әрі тоңғандықтан шөмелеге кіріп жылынбақшы болған, алайда оған жан-жақтың бәрінен қасқырдың ұлығаны естіліп тұрған. Ол жабайы аңдардан қорқып жүре берген және жақын арада өз бетімен үйіне жете алмайтынын тез түсінген.

«Ол есін жиған кезде жылап, погондарымды сипалап, рахмет айта бастады. Мен нысанды киім-кешекпен жүрген болатынмын және оны тапқан кезде мен оған погоным мен арқамдағы «Полиция» деген жазбаны көрсетіп, өзін іздеп жүргенімізді түсіндірген едім», – дейді учаскелік полиция инспекторы.

Табылған баланы атқа мінгізіп, олар тездетіп ауылға бет алған. Сол кезде жоғалған жасөспірімді тапқан полиция қызметкерлерінің барлық сезімдерін көрсететін бейнежазба түсірілген.

«Біз ауылға келе жатқанда оны күлдіруге тырыстық, әзілдер мен өмірде болған күлкілі жайттарды айттық. Біз оны тезірек қалпына келтірейік дедік. Қорқынышты жайттың біткенін және оның қауіпсіздікте екенін сезінгенін қаладық. Ал бейнежазбаны өзіміздің бақытты сәтімізден естелік үшін түсірдік. Бейнежазбаны әріптестеріме көрсеттім, олар басшылыққа берген. Мен бейнежазба бұлай тез таралады деп ойлаған жоқпын», – дейді ол.

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.