19-02-21 |
730 рет қаралған
Қарағандылық шенеуніктер заңсыз пәтер таратқан.
Қарағандылық шенеуніктер заңсыз пәтер таратқан

Қарағандылық шенеуніктер «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша мүгедектер мен көп балалы отбасыларға берілетін баспананы басқаларға таратып жіберген.

Қарағанды әкімдігіндегі заңсыздықтарды прокурорлар анықтады. Мемлекеттік бағдарламамен жалға берілетін тұрғын үй өзге адамдарға берілген.

Прокурорлар тексерісінен кейін 13 тұрғын заңсыз берілген пәтерлерден шығарылды. Тағы екі мың адам баспана кезегінен алынды. Заңсыз жалға алушылардан 30 млн теңге өндіріп алынды.

«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша тұрғын үйді заңсыз тарату, тұрғын үй жағдайын жақсартуға мұқтаж емес адамдарды есепке қою, мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды заңсыз өзгерту және басқа да жүздеген бұзушылықтар анықталды. Прокурорлардың араласуынан кейін кезекте тұрған 89 адам көптен күткен баспанаға ие болды, 110 адам жалға алушы мәртебесін ресімдеді», – деді Қарағанды облысы прокуратурасының ресми өкілі Нұрсұлтан Қалдырбай.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.