01-02-19 |
2720 рет қаралған
Қазақстанда баспана құны рекордты деңгейге жетті.
Қазақстанда баспана құны рекордты деңгейге жетті

2019 жыл баспана құнының көтерілуімен басталып, он төрт облыстың он үшінде осы үрдіс байқалды. Бұл аймақтардың көбінде баспана құны соңғы 2-3 жылда болмаған баға көрсетілген. Бастапан сату-сатып алу хабарландыруларын жариялайтын krisha.kz сатының мәліметтері бойынша, ең жоғарғы көрсеткіш Шымкент қаласында. Бұл аймақта баға 4.1 %-бен көтеріліп, 212 мыңнан 220.8 мың теңгеге жеткен.

Шымкентте үй бағасы өткен жылдың екінші жартысынан бастап көтеріле бастаған, қазіргі уақытта баспана құны бойынша Алматы мен Астанадан кейінгі үшінші орында тұр.

Алматыдағы баспаналар болса, соңғы 2,5 жылдағы ең жоғарғы құнына жеткен. Өткен аймен салыстырғанда қаңтарда  2.8 % көтеріліп, 373.5 мың теңгені (+10 250 тг) құрап отыр. 

«Крыша» сайтының жазуынша, қаңтарда баспана құны қымбаттаған Қалалардың ішінде Көкшетау (+2.5 %) үшінші тұр. Пәтердің бір шаршы метрі 195.7 мың теңге, бұл желтоқсанмен салыстырғанда 4.7 мың теңгеге қымбат.

Өскеменде баспана құны 1.7 % , 181.2 мың теңге, Таразда да дәл осындай пайыздық көрсеткішпен өсіп, орта есеппен 155.4 мың теңгені құрапты.

Бір шаршы метрі 170.9 мың теңге тұратын Семейде баспана құны 1.6 % қымбаттапты. Бұл аймақта қазір өткен жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 2 665 теңгеге қымбат.

Ақтөбеде – 1.5 %. Пәтердің бір шаршы метріне орташа құн – 148.8 мың теңге.
Павлодарда – 1.3 %,  бапсананың бір шаршы метріне орташа құн – 174 640 мың теңге. 
Петропавлда 1.2 %-бен, қазір бапсананың бір шаршы метріне орташа құны – 196.9 мың теңге.
1 % Қостанайда қымбаттапты: 195.3 мың теңге – 1 ш. м.

Қарағанды мен Оралда аз ғана қымбаттапты (+0.6 %) және (+0.5 %). бапсананың бір шаршы метріне орташа құн – 202.7 және 184.7 мың теңге.

Астанада жағдай тұрақты екен,  үйдің бір шаршы метріне орташа құн – 332.6 мың теңге. Бағадағы өзгеріс 0.2 % құрайды.

Елімізде тек Ақтау қаласында ғана баспана бағасы арзандапты. Қаңтарда бұл аймақта баспана құны бірден 5.2 % -ға арзандап, 196 мың тг/ш. м құрапты. Бұған дейін Ақтау Қазақстандағы үйлердің бағасы жағынан ең қымбат бес қаланың ішіне кірген еді, қазір алтыншы отырнға түсіпті.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.