25-08-21 |
580 рет қаралған
Маңғыстаулық мұнайшылар наразылыққа шықты.
Маңғыстаулық мұнайшылар наразылыққа шықты

Маңғыстауда бірнеше мұнай компаниясының жұмысшылары жалақыны көтеруді талап етіп, наразылыққа шықты . Бұл туралы «Ақтау-Лада» жазды.

 

Қаламқас кен орнындағы «Ақтаукрантехсервистің» 200-ден астам қызметкері және Жетібай мен Жаңаөзен кен орындарындағы жұмысшылар жалақысын көтеру туралы өтініш білдірді. Оларды Ақтаудағы әріптестері де қолдады.

Жұмысшылардың айтуынша, қазіргі уақытта бір қызметкердің жалақысы 120 мың теңгені құрайды. Азық-түлік және басқа да қажетті тауарлар бағасының өсуіне байланысты олар жалақыны 250-300 мың теңгеге дейін көтеруді сұрайды.

Бүгін, 24 тамызда жұмысшылар президентке, премьер-министр Асқар Маминге, «ҚазМұнайГаз» АҚ Президенті Алик Айдарбаевқа және Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трумовқа наразылықтарын айтып, жүгінді. 

 

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.