17-02-22 |
1210 рет қаралған
Тоқаев Маңғыстаумен телефон арқылы байланысқа шықты.
Тоқаев Маңғыстаумен телефон арқылы байланысқа шықты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Қазақстан президентінің телерадиокешені КЕАҚ.
Нұрлан Ноғаев мемлекет басшысына өңірдегі қоғамдық-саяси ахуал, сондай-ақ Маңғыстау облысын дамытудың кешенді жоспарында көзделген іс-шаралардың орындалу барысы туралы баяндады.
Қасым-Жомарт Тоқаев облыстың әлеуметтік-экономикалық даму перспективаларына қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.
Айта кетері, 16 ақпанда Маңғыстау облысындағы Қаламқас кен орнының мұнайшылары Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Алик Айдарбаев пен Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевқа үндеу жолдады.
«Ақтаукрантехсервис» ЖШС жұмысшылары «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясына қатысты өндірістік аумағында жұмыс жасап жүргендіктен өздерін осы компания қарамағына алуды, трансферлік мекемелерге тиесілі еңбек жалақысына теңестіруді талап етті. Талап орындалмаса, жұмысты тоқтататындарын мәлімдеді.
Ал 7 ақпанда «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС жұмысшылары жалақыларын екі есеге көтеруді талап етіп, наразылық акциясын ұйымдастырған.
БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.