03-02-21 |
610 рет қаралған
Жаңаөзенде мұнайшылар наразылыққа шықты.
Жаңаөзенде мұнайшылар наразылыққа шықты

Жаңаөзенде «МұнайСпецСнаб компаниясының» жұмысшылары наразылыққа шықты. Олар жалақыны көтеруді және жұмыс сағатын ұзартуды сұрап, видео үндеу жолдады.

Мұнайшылар талабы жазылған видео үндеу әлеуметтік желіге 2 ақпанда жарияланды.

«Біз «МұнайСпецСнаб компаниясына» жалданып жұмыс жасайтын жеке кәсіпкер Toyota Hilux жүргізушілері, өзіміздің тарифымыздың уақытын көтеруін талап етеміз», – дейді жұмысшылар бейнежазбада.

Белгілі болғандай,  мұнай компаниясына келісімшартпен қызмет көрсететін 60-қа жуық көлік жүргізушісі екі күннен бері жұмысқа шықпаған. Олар өз ұсыныстарының орындалуын талап етеді. Айтуларынша, мұнайшылар осыған дейін бір күнде он сағаттық жұмысына 14 мың теңге алып келсе, карантин кезінде жұмыс уақыты мен төлем көлемі қысқарып, күндік жалақы 10 мың теңгеге дейін азайды.

«МұнайСпецСнаб компани» ЖШС-нің басшысы Ерлан Сәбиев мырзаның айтуы бойынша компанияның қаржылық жағдайы 1200 теңгеден 1400 теңгеге көтеруге еш мүмкіндік жоқ. Сонымен қоса сағаттарын осы тарифтік мөлшерлемемен істей беретінін жеткізді. Қазір тұрған жігіттерді қайта жұмысқа шығатын болса, қабылдауға дайын», – дейді Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Ғалым Байжанов.

Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінің хабарлауынша, «МұнайСпецСнаб компаниясы» көлік қызметін ұсынады. Компания өзінің негізгі тұтынушысы «ӨзенМұнайГаз» акционерлік қоғамымен жұмыс істеу үшін Жаңаөзеннен 300-ге жуық жеке кәсіпкерлерді жалдаған.

Бүгінгі күні жалданған кәсіпкерлердің ішінен 65 адам сағатына 1300 теңге тарифтік төлемге қарсы тұр. Олар бір сағаттық жалақыны 1400 теңгеге көтеруді талап етеді. Еңбек инспекциясы қазіргі уақытта «МұнайСпецСнаб компаниясы» ЖШС мен «ӨзенМұнайГаз» АҚ келіссөздер жүргізіп жатқанын хабарлайды.

«MunaiSpetsSnab Company» ЖШС аталған жеке кәсіпкерлермен азаматтық-құқықтық келісім жасасқанын атап өту керек, яғни бұл жанжал жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы еңбек дауы емес. Осыған байланысты, бұл басшылықтың құзырына кірмейді. Жеке кәсіпкерлер бұл мәселені тапсырыс берушімен бірлесіп немесе сот арқылы шешуі керек, – деп хабарлайды еңбек инспекциясы.

 

 

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.