09-03-21 |
570 рет қаралған
Қостанайда полиция қызметкері адам өлтірді деген күдікке ілінді.
Қостанайда полиция қызметкері адам өлтірді деген күдікке ілінді

Қостанайдағы ПД-де ішкі тексеріс басталды. Өңірде полиция қызметкері адам өліміне қатысы бар деген күдікке ілінді. Оқиға екі тұрғын арасындағы жанжалдан басталған, деп хабарлайды Arasha.kz.

Қылмыстық оқиға Қостанайдағы Тәуелсіздік көшесінде түнгі мезгілде болған.

«Қостанай облысының полиция департаменті 99-баптың 1-бөлігімен («Кісі өлтіру») 37 жастағы екі ер адамның арасындағы қақтығыс фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Оның біреуі тіркелген мылтықтан оқ атқан. Алынған жарақаттан ер адам қаза тапты. Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, сондай-ақ ПД өзіндік қауіпсіздік басқармасында қызметтік тергеу басталды», – деп хабарлайды ПД-нің ресми хабарламасында.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.