31-03-22 |
570 рет қаралған
Балалар үйінің басшысы жол жөндеуге бөлінген ақшаны жымқырған.
Балалар үйінің басшысы жол жөндеуге бөлінген ақшаны жымқырған

Павлодардағы «Павлодар қаласының отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» мекемесінің бұрынғы директоры мен оның сыбайласы жол жөндеуге және тас төсеуге бөлінген қаражатты жымқырып, мемлекетке 6 054 398 теңге шығын келтірген.

Бұл істі қараған Павлодар қалалық №2 соты аталған жемқорлық қылмысты жасады деген күдікпен ұсталған екі адамның әрқайсысын үш жыл бас бостандығын айыру туралы шешім шығарып, жаза кескен. Сот шешімі әлі күшіне енбеген.

«Павлодар қаласының отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» мекемесінің сайтындағы деректерге қарағанда, мекемеде 70 бала тәрбиеленеді. Оның 13 -і жетім бала, 57 бала ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.