15-02-19 |
13970 рет қаралған
Болат Бақауов: Керек болса үйлеріңізге өзім барам, көреміз (фото/видео).
Болат Бақауов: Керек болса үйлеріңізге өзім барам, көреміз (фото/видео)

Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов көп балалы аналармен кездесу кезінде қажет болса, көп балалы отбасыларға өзі баратынын айтты. Мұны әкім «Мой Павлодар» тобының парақшасында жарияланған видеода айтады.

«Мәселелер көп. Бәрін бірдей шеше алмаймыз. Бірақ та әр мәселені реттеп, жеке қабылдап, керек болса үйлеріңізге мен өзім барам, көреміз», – деді Болат Бақауов.

фото - pavlodar.gov.kz
фото – pavlodar.gov.kz

Сондай-ақ әкім көп балалы отбасылардың мәселесі өзіне бұрыннан таныс екенін, өйткені өзі де 11 бала өсірген үлкен отбасынан шыққанын айтты.

фото - pavlodar.gov.kz
фото – pavlodar.gov.kz

Облыс әкімімен кездесуге үш жүзге тарта көп балалы аналар келген. Облыста 8625 көп балалы отбасы бар. Оның ішінде 3839 отбасы төрт және одан да көп кәмелет жасына толмаған балалар тәрбиелеп отыр. Ал тұрмысы төмен отбасыларды 13000 бала өсіп жатыр. 

фото - pavlodar.gov.kz
фото – pavlodar.gov.kz

Павлодар облысында көп балалы аналарға арналған ашық есік жиналыстары аймақтың барлық қалалары мен аудандарында ұйымдастырылған және ол тұрақты өтіп тұрмақ. Сонымен қатар әр көп балалы отбасына әлеуметтік паспорт жасалады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.