22-11-20 |
490 рет қаралған
Павлодарда мәдениет қызметкерлері көшеде қар күреп жүр.
Павлодарда мәдениет қызметкерлері көшеде қар күреп жүр

Павлодар облысында мәдениет қызметкерлері көшеде қар күреп жүр. Павлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат басқармасы ұйымдастырған «Біз біргеміз» деп аталатын акция шеңберінде 13 мәдениет мекемесінің 180 жуық қызметкері көшеде қар күреген. Мәдениет қызметкерлеріне көше қар күретіп қойғанын басқарма басшысы Самал Бегалинова: «Бүгін біздің қызметкерлер Павлодардағы өз мекемелерінің маңындағы аумақтың қарын тазалауға шықты. Қаламыздың  тазалығы мен әдімлігі біздің ортақ міндетіміз», – деп қуана хабарлаған.

Самал Бегалинованың өзі қар тазалауға шықты ма, жоқ па белгісіз. Бірақ мәдениет қызметкерлеріне қар күреткенін мақтанышпен айтқан.

Көшеге шығып қар тазалау мәдениет қызметкерлерінің жұмысына жатпайды. Қала ішінің қарын тазалау қала тазалығына жауап беретін, облыс бюджетінен қаржыландырылатын мекеменің міндеті. Алайда, Павлодар сынды көптеген аймақтарда «Біз біргеміз» деген сынды түрлі акцияларды ойлап тауып, бюджет қызметкерлерін қоғамдық жұмысқа жегу қалыпты дүниеге айналған. Мәселен, көп аймақта әкімшіліктің іс-шараларына, қоғамдық жұмыстарға мұғалімдер, мәдениет қызметкерлері тартылады. Ал Павлодар облысы әкімшілігі тіпті көшедегі қарды күреуге де бюджет қызметкерлерін – мәдениет қызметкерлерін тартқан.

фото: pavlodarnews.kz

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.