Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов: «9-мамырда әкемнің суретін алып барамын» деді. Бұл туралы жергілікті YK-news.kz жазады.
«Әкем соғысқа қатысқан, атам бес жыл соғысқан. Мен міндетті түрде 9-мамырда әкемнің суретін алып барамын. Өкінішке қарай, соңғы кезде тарих өңін өзгертіп келеді. Бұл совет одағының ерлігі емес деген де сөздер айтыла бастады. Бәрі де олай болмаған делінетін түрлі фильмдер шыға бастады. Бәрі де солай болған. Бұл сіз бен біздің тарихымыз. Өз тарихыңнан бас тартуға болмайды. Оны құрметтеу керек», – депті Д.Ахметов.
Өскемен қаласындағы «Бессмертный полк» маршы 9 мамыр күні сағат 10-да өтеді. Бұған дейін Қазақстанда биыл да «Бессмертный полк» маршы өтетіні туралы жазғанбыз.
-
09.12.2024
-
09.12.2024
-
09.12.2024
-
09.12.2024
-
09.12.2024
-
09.12.2024
-
09.12.2024
-
09.12.2024
-
09.12.2024