Жоғарғы білім, мансап, әлеуметтік мәртебе адам ұмтылған жетістіктің шыңы емес. Шынайы жетістікке тек қоғамға пайдалы іс жасаған, халқының алғысына бөленгендер ғана жете алады. Ол адамның жанын жібітіп, ішкі дүниесін позитивке толтырады, қанаттандырады. Қазақтың «сауап» деген бес-ақ әріптен тұратын сөзі осыны білдірсе керек.
Шығыс Қазақстан облысының Зайсан қаласында тұратын Айвар Қалиоллаұлы осындай жетістіктің шыңын бағындырған азамат. Қалалық әкімдікте электр маманы болып жұмыс істейтін жігіт жерлестері үшін қолдан келген көмегін аямайды. Қарттар, жалғызбасты аналар, мүгедектер мен тұрмысы төмен отбасыларға электр маманы ретінде қызмет көрсетеді. Ажыратқыштары мен қосқыштары ескіріп тозған, сымдары үзілуге шақ қалған үйлердің электр желілерін жөндейді. Айвар ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жанындағы «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы»-ның «Birgemiz Qamqor» жобасына қатысып, 300 мың теңге көлеміндегі грантты ұтып алды. Бұл қаражаттың аясында Зайсан қаласындағы 40-қа жуық отбасының электр желілерін жаңартты.
-Жалпы мен қайырымдылық істі 2015-ші жылдың аяғында бастадым. Басында көмекке мұқтаж болған көршілеріме қолғабыс еттім. Одан кейін электр желілерін жаңартуға шамасы келмейтін отбасыларға өрт қауіпінің төніп тұрғанын байқадым. Оқыс деген аяқ астынан, тілсіз жау ешкімді аяп көрген емес. Елге көмегім тисін деп грантқа қатыстым. Соның аясында электр жабдықтарын сатып алып көптеген адамға болыстық, – дейді Айвар Қалиоллаұлы.
Қайырымды азамат қарапайым отбасынан шыққан. Әкесі тракторшы, анасы краншы болған. Қазір еңбектің зейнетін көріп ұлдарының қолында тұрып жатыр. Айвар да Зайсан қаласындағы кәсіптік-техникалық лицейді тәмамдап, нағыз еңбектің мамандығын меңгерді. Жасы 38-ді алқымдаған жігіттің сүйікті жары мен 2 баласы бар.
-
09.12.2024
-
09.12.2024
-
09.12.2024
-
09.12.2024
-
09.12.2024
-
09.12.2024
-
09.12.2024
-
09.12.2024
-
09.12.2024