28-08-18 |
12270 рет қаралған
Хан табыты қорада жатыр.
Хан табыты қорада жатыр

Жақында Шығыс Қазақстан облысына «Алтай қазынасы» экспедициясын бастап барып келген белгілі кәсіпкер Марғұлан Сейсембай Берел қорғанынан табылған хан табытының түпнұсқасы қора ішіне қираған қалпы тастай салған екен деп өзінің facebook парақшасында күйіне жазды.

Жазба авторының жазуынша, мұражайға хан табытының көшірме нұсқасы қойылған. Сондай-ақ, Марғұлан Сейсембай жазбасында қорған үстіне салынған мұражайдың сын көтермейтінін, өте сапасыз құрылыс материалдарынан салынған жазады. Ол баға жетпес тарихи жәдігерлердің күйін айта келіп:»Құл тарихын қадірлемейді. Бүйтіп қорғандарды қазғанша, одан да оларды біздің қоғам дұрысталғанша ашпағанымыз дұрыс сияқты» деп ой қорытады.

Берел қорымы «Қазақстанның киелі орындарының географиясы» аясында ұлттық музей жанынан құрылған «Қасиетті Қазақстан» ғылыми зерттеу орталығы жасаған «Қазақстанның жалпыұлттық киелі орындары» жобасының 100 нысанының тізіміне енгізілген.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.