14-07-22 |
1420 рет қаралған
Қаңтарда бірде-бір ғимаратымызды бермедік – ШҚО әкімі.
Қаңтарда бірде-бір ғимаратымызды бермедік – ШҚО әкімі

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Қаңтар оқиғасы кезінде алаңда, халықтың арасында болғанын айтты.

«5 қаңтар күні мен алаңда болдым. Күні-түні сонда болдық. Шығыс Қазақстанда, Өскемен қаласында бірде-бір ғимарат берілген жоқ. Өзіміздің әкімшілікті ешкімге бермеген жалғыз облыс болдық. Мен халықтың алдында тұрдым. Ол теледидарда көптеген арнадан көрсетілді. Оны сіз көрмесеңіз, кешірерсіз, әріптестеріңізден сұрап аларсыз. Мен алаңда болдым. Халықтың ішінде болдым. Барша мәселені бірге шештік», – деп жауап берді Даниал Ахметов.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.