28-06-21 |
450 рет қаралған
Семейге жаңа әкім тағайындалды.
Семейге жаңа әкім тағайындалды

Бақытжан Байахметов Семей қаласының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Arnapress.kz.

Байахметов бұған дейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

Баяхметов – Аягөз қаласының тумасы. Әр жылдары ол Өскемен қаласының құрылыс бөлімінің бастығы, Аягөз қаласының әкімі қызметін атқарды. Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының Ұлан және Аягөз аудандарын басқарды.

2019 жылдың сәуір айынан бастап Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.