21-09-18 |
23440 рет қаралған
Зырян Алтай ауданы болып өзгеруі мүмкін.
Зырян Алтай ауданы болып өзгеруі мүмкін

Шығыс Қазақстан облысындағы Зырян ауданының аты Алтай болып өзгеруі мүмкін. Ауданның Алтай аталуын Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов мақұл көретінін айтқан.

– Ол аудан нағыз Алтай. Сондықтан Алтай атануы заңды. Әрі туризмнің дамуына сеп болады. Соо үшін біз жол салып жатырмыз. Әрі қарай да туризмді дамыту үшін миллиардтаған қаражат бөлеміз, – деді Д. Ахметов.

Әзірше, бұрынғы совет кезіндегі атауымен Зырян ауданы аталатын мекенде 28 қыркүйекте аудандағы көше атауларын өзгертуге қатысты қоғамдық тыңдау өтеді. Зырянда Ленин атындағы көше және оның ескерткіші де бар.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.