13-02-21 |
400 рет қаралған
Бидай астында қалған элеватор жұмысшысы мерт болды.
Бидай астында қалған элеватор жұмысшысы мерт болды

Солтүстік Қазақстан облысында элеватор жұмысшысы қамбада қайтыс болды.

Қайғылы жағдай Ғабит Мүсірепов атындағы ауданын орталығы Новоишим ауылында тіркелді. Оқиға астық сақтайтын қойманы тазалау кезінде болған. Бір жұмысшы 140 тонна бидайы бар қамбаның ортасына құлап, батып кеткен.

Жұмысшыны бірден құтқару мүмкін болмаған. Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары марқұмның денесін 6 сағаттан кейін тапты.  

Қазір полиция оқиғаға байланысты іс қозғап, тергеу амалдарын бастады.

«Оның денесі шамамен сағат 23.00де сыртқа шығарылды. Силостың ішінде үстіне бидай түскен, содан қазып тауып алдық. Оқиға орнын жедел тергеу тобы қарап, куәгерлерден жауап алды. Өндірісте қаза болу фактісі бойынша Қылмыстық Кодекстің 156 бабы үшінші бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды», – дейді СҚО ПД Ғабит Мүсірепов ауданы полиция бөлімінің  басшысы Марат Әлжанов. 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.