17-09-20 |
1390 рет қаралған
Солтүстік Қазақстанда құс қырылып жатыр.
Солтүстік Қазақстанда құс қырылып жатыр

Солтүстік Қазақстан облысының 7 ауданында құстар қырылып жатыр. Ауыл шаруашылығы министрлігі аймақтағы Тимирязев, Тайынша, Жамбыл, Қызылжар, Шал ақын, Ғ.Мүсірепов, М.Жұмабаев аудандарында құс тұмауы ошақтарының анықталғанын мәлімдеді. Індеттің таралуына жол бермеу мақсатында кешенді шаралар қабылданды. Ауру тіркелген аумақтар залалсыздандырылып, құс өлекселері өртеліп жатыр.
«Ұлттық анықтамалық орталық індеттің патогенді құс тұмауы екенін растады. Қабылданған ережелерге сәйкес, Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік жануарлар денсаулығын сақтау ұйымына аурудың өршуі туралы хабарлады», – деді Ауыл шаруашылығы министрлігі.
ҚР АШМ ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті елдегі эпидемиялық жағдайды шұғыл қалпына келтіру және құс тұмауының таралып кетпеуіне жол бермеу үшін уақытша шектеу енгізді. Солтүстік Қазақстан облысының Тимирязев, Тайынша, Жамбыл, Қызылжар, Шал ақын, Ғ.Мүсірепов, М.Жұмабаев аудандарынан құс шаруашылығы өнімдерінің барлық түрі мен оларға арналған жемшөпті шығаруға тыйым салды.
«Аса қауіпті ауруды жою үшін ҚР АШМ ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Республикалық эпизоотияға қарсы отряды және Солтүстік Қазақстан аумақтық инспекциясы қазір ауылдарда дезинфекциялау жұмыстарын жүргізуде. Ресей Федерациясымен шекаралас аумақтарда жануарларды вакцинациялау үшін жоғары патогенді құс тұмауына қарсы 873 мың отандық препарат бөлінді», – деді министрлік өкілдері.
Ведомствоның хабарлауынша, кеселдің салдарынан құстарынан айырылған тұрғындарға өтемақы төленеді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.