16-02-21 |
820 рет қаралған
СҚО тұрғыны туыстарын аңшы мылтығымен қорқытқан.
СҚО тұрғыны туыстарын аңшы мылтығымен қорқытқан

Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны отбасылық жанжал кезінде үй ішінде мықтық атып, туыстарын қорқытты. Еш жерде тіркелмеген аңшы мылтығы отбасында заңсыз сақталған.

Оқиға Тайынша қаласында тіркелді. 26 жастағы жігіт отбасылық жанжал кезінде аңшы мылтығымен үй ішінде бірнеше рет оқ атқан. Туыстары полицияға хабар берген. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнын тексерген кезде 3 патрон мен 3 атылған гильза анықталған.

Полиция шақырылған кезде, оқиға орнынан жасырынған ер аудан орталығындағы көшелердің бірінде ұсталды. Ол мас болған.

«Қардан 16 калибрлі аңшы мылтығы, ұңғыдан 1 патрон табылды. Күдіктіге қатысты «қамауға алу» бұлтартпау шарасы қолданылып, бұл факті «Бұзақылық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүруде»,- деді Тайынша ауданы полиция бөлімінің бастығы Нұрлыжан Ақтанов.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысында элеватор жұмысшысының қамбада қайтыс болғанын хабарлаған едік.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.