26-06-19 |
2380 рет қаралған
Арыс тұрғындары осы аптада үйлеріне оралады.
Арыс тұрғындары осы аптада үйлеріне оралады

«Арыс қаласына тұрғындарды апта соңында кіргізетін боламыз. Уақытын нақты 28 маусым күні хабарлап айтамыз. Себебі, халықтың қауіпсіздігі үшін қаланы әлі де толық тазартуымыз қажет», – деді Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев. Ол бұл туралы Түркістан облысы, Ақжол ауылы, Жамбыл атындағы орта мектепте өткен баспасөз мәслихаты кезінде айтқан.

Әкімнің айтуынша, Арыс қаласы толық қалпына келеді, мемлекет тарапынан арыстықтарға қолдау көрсетіледі.

«Тұрғындарды қалаға кіргізу үшін Арыс қаласы 17 секторға бөлінді. Осы секторларға облысымыздың 16 ауданынан 640 жауапты (1 аудан – 40 адам) азамат бекітілді. Тұрғындар үйіне оралған соң тұрғын-жайларына келтірілген шығындар бойынша бекітілген қызметкерлер фото-видеофиксация жасайды. Осы материалдар келтірілген шығындарды есептеуге көмек береді. Тұрғындарды үйлеріне орналастыру үшін облыстық полиция қызметкерлері мен дәрігерлер, төтенше жағдай департаменті мен құзырлы мекемелер үздіксіз қызмет көрсетеді» деді Шөкеев.

Арыстағы жарылыстан кейін облыс әкімшілігі құрған қорға 200 млн. теңгеден астам қаржы жиналған.

Баспасөз жиынына партиясы «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев, қорғаныс министрінің орынбасары Бақыт Құрманбаев, ТЖД өкілі, Қазақстан Республикасының Бас санитар-дәрігері Жандарбек Бекшин, облыс прокуроры, аймақтық ветеринарлық инспеция өкілі қатысты.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.