14-07-23 |
1370 рет қаралған
Сарыағаштағы 5 жасар баланың өлімі: Асқан қатігездікпен өлтірген, денесінің сау-тамтығы жоқ.
Сарыағаштағы 5 жасар баланың өлімі: Асқан қатігездікпен өлтірген, денесінің сау-тамтығы жоқ

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Жібек жолы ауылындағы 5 жасар қыз баланың өлімі елді дүр сілкіндірді. Қылмыстық оқиға 13 шілде күні болған. Бес жасар бала далаға шығып кетіп, оралмаған. Баланы әуелі отбасы кейін ауыл болып іздеген. Кісі қолынан мерт болған баланың әкесі «Азаттық» тілшісі Дилара Исаға берген айтқан сөзінде:

«Қызымның денесін кешкі сағат тоғыз шамасында шатырдан таптық. Сау-тамтығы қалмаған. Ойына келгенін істеп, жеті-сегіз жерінен пышақтап, асқан жауыздықпен өлтірген. Бұрын сотталғанын, кейін тағы бір ауыр қылмыстық істен құтылып кеткенін білетінбіз… Құқық қорғау органдары қылмыскерді лайықты жазаласа осындай сұмдық болар ма еді? Оны бостандыққа шығарып жіберген қызметкерлерді тауып, жазалауды талап етемін! – деген.

Оқиға орнына полиция келіп, күдіктіні ұстаған. Осы кезде ауыл тұрғындары күдіктіні беруді талап етіп, полиция мен тұрғындар қақтығыс қалған. Күдіктіні полиция әкетіп, «Адам өлтіру» бабы бойынша іс қозғаған. Полиция таратқан ақпаратта «Жібек жолы ауылы Амангелді көшесіндегі тұрғын үйдің ауласында орналасқан сарайдың үстінен денесінің бірнеше жерінде өткір затпен салынған жарақат іздері бар кәмелетке толмаған Е.Н. өлі табылғаны» айтылған. Бұрын «кісі өлтіру» бабымен сотталған, кейін тағы істі болып, пробациялық бақылауда жүрген күдіктіні жергілікті полиция нелікті бақыламаған деген сауал көпшіліктің көкейінде тұр. 5 жасар баланың өлімі полиция қызметіне тағы үлкен сын артып отыр.

«НеМолчи» қоры да Сарыағаштағы 5 жасар бала өлімі туралы хабарлады. Қордың facebook парақшасында жарияланған ақпаратта:

«13 шілде күні Түркістан облысы, Сарыыағаш ауданы, Жібек жолы ауылында 2018 жылы туған Еркежан есімді баланы асқан қатыгездікпен өлтірген. Күдікті бұрын «кісі өлтіру» бабымен сотталған кейін тағы да істі болып, пробациялық бақылауда жүрген, нашақор 1975 жылы туған Гайнозаров Сайдолим» – делінген.

Президент Тоқаев бұл қылмыстық істі мұқият тергеп-тексеруді тапсырған. 

«Мемлекет басшысына Түркістан облысының Сарыағаш ауданында 5 жасар қыз баланың өлтірілгені жөніндегі қайғылы оқиға туралы мәлімет берілді. Құқық қорғау органдары істі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Күдікті анықталды.
Қолда бар ақпарат бойынша, күдікті бұған дейін кісі өлтіргені үшін сотталып, 10 жылға бас бостандығынан айырылған. Биыл оған адам денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіргені үшін 3 жылға бас бостандығын шектеу жөнінде үкім шығарылған. Президент Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігіне болған қайғылы оқиғаның мән-жайын мұқият тексеруді тапсырды» делінген президент баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.