21-01-20 |
470 рет қаралған
Шымкент қаласының әкімі ауысты.
Шымкент қаласының әкімі ауысты

Мемлекет басшысының жарлығымен Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов қызметінен кетіп, оның орнына Мұрат Әйтенов тағайындалды деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Қуанышұлы Айтаханов Шымкент қаласының әкімі қызметінен босатылды», -деп жазады президенттің баспасөз қызметі.

«Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов Шымкент қаласының әкімі болып тағайындалсын», -деген президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығы шықты.

Айта кетейік, Ерлан Айтаханов 2019 жылдың шілдесінде Шымкент қаласының әкімі болып тағайындалған болатын.

Ал өткен жылдың желтоқсанында Мұрат Әйтенов  Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалған. Оған дейін қазіргі әкім 2016 жылдың желтоқсан айынан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқарушысының орынбасары қызметін атқарып келді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.