22-08-23 |
2230 рет қаралған
Түркістан облысында бір әулеттің 8 адамы суға кетіп, қаза болды.
Түркістан облысында бір әулеттің 8 адамы суға кетіп, қаза болды

Отырар ауданы, Сырдария өзенінің жағасына бір әулеттен шыққан 4 отбасының мүшелері демалуға келіп, соңы қайғылы жағдаймен аяқталды.

Бұл туралы Түркістан облысының ТЖД хабарлады.

Тұрғындардан адамдардың суға батқаны туралы хабарлама келіп түсті. Шомылуға келген 20 адамның 11-і суға батып кеткен. Оның 5-еуі бала, 6-ы ересек.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті жанынан жедел штаб құрылып, оқиға орнына Отырар ауданы әкімдігі, аудандық төтенше жағдайлар бөлімі, орман шаруашылығы және еріктілер жолданды.

Бірден іздестіру шараларына кіріскенмен, жайсыз хабарды естідік. Өкінішке қарай 8 адамның денесі табылып, судан алып шығарылды. Қалған 3 адамның мәйітін іздеу жұмыстары жалғасуда. Іздестіру шараларына жалпы 144 бригада, 16 техника, 6 жүзу құралы жұмылдырылды. Мәселе облыс басшысы Дархан Амангелдіұлының тікелей бақылауында. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлыпхар Жолдасовпен бірге аталған жерде болып, нұсқаулықтар жүргіздік. Қайғы жамылған әулеттің үйіне барып, көңіл айттық. Тиісті көмектер ұйымдастырылатын болады – дейді Бейсен Тәжібаев.

Төтеншеліктер мен еріктілер тұрғындарға жаз бойы бұл жерге суға түсуге болмайтындығы жайлы жан-жақты ескертулер жүргізген. Анықталғандай мұндай түсіндіру жұмыстарына дәл осы әулет те қатысқан. Алайда, рұқсат етілмеген орында шомылудың зардабы мен сақтық шараларын ескермеудің салдары осындай жағдайға ұласып отыр.

Arasha.kz

ФОТО: Бейсен Тәжібаев

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.