04-06-19 |
2080 рет қаралған
Тараз қаласындағы «Достық» алаңын Назарбаевтың атына беру туралы шешім талқылауға шығарылды.
Тараз қаласындағы «Достық» алаңын Назарбаевтың атына беру туралы шешім талқылауға шығарылды

Ашық үкімет порталында Жамбыл облыстық мәслихатының Тараз қаласындағы «Достық» алаңын «Нұрсұлтан Назарбаев» алаңы деп өзгертілуі туралы шешімі жарық көрді. Ұсыныс 31 мамыр күні шықты және 14 маусымға дейін қоғамдық талқылауға қойылған. Бұл туралы arasha.kz хабарлайды.

Құжатта жергілікті тұрғындардың пікірі мен Республикалық ономастикалық комиссияның келісімі ескерілген.

Аталған тапсырманың орындалуына Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Сұлушаш Құрманбекова жауапты.

Айта кетейік, осыған дейін Республикалық ономастика комиссиясы Атырау, Ақтөбе, Қостанай және Жамбыл облыстарында Назарбаевтың құрметіне көше берілмейтіндігі туралы айтқан. Алайда осы облыстарда көше орнына басқа нысандардың атауын өзгертуді ұсынды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.