27 ақпанда таңертең Тараз қаласындағы көпқабатты тұрғын үйдің бірінде жарылыс болып, екі адам мерт болды.
Төтенше жағдайды тергеуге қатысты үкіметтік комиссия құрылды.
Оқиға қаланың 9-шы ықшам ауданындағы 62-ші үйде болған. Алдын -ала мәліметі бойынша, жарылыс газ жабдығын абайсыз пайдаланудан орын алған.
ІІМ ТЖК күшімен қажетті мамандар мен техника саны жұмылдырылды, үйдің барлық тұрғындары толық көшірілді. Үйінділер астынан 8 адам шығарылды, оның 2-уі қаза тапқан. Зардап шеккендердің халі — орташа ауыр.
Тараз қаласындағы төтенше жағдай туралы ҚР Премьер-Министрі А.Ұ. Мамин шұғыл түрде Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевқа баяндады.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ж. Қасымбектің төрағалығымен үкімет комиссиясы құрылды. Комиссия мүшелері Тараз қаласына оқиға орнына ұшып кетті.
Апат болған үйдің тұрғындары осы үйге жақын маңдағы №41 мектепке орналастырылды, ыстық тамақпен қамтылды, уақытша тұруға қажетті жағдайлар жасалды. Олармен медицина қызметкерлері мен психологтар жұмыс істеуде.
ҚР ІІМ ТЖК алдын-ала мәліметі бойынша, жарылыс газ жабдығын абайсыз пайдаланудан орын алған.
-
17.11.2024
-
16.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024