05-03-21 |
640 рет қаралған
Жамбылда қайын жұрттан ет ұрлаған күйеу бала ұятқа қалды.
Жамбылда қайын жұрттан ет ұрлаған күйеу бала ұятқа қалды

Жамбыл облысында ер адам қайын атасының үйіне ұрлыққа түскен. Қайын жұртта жылқы мен қой сойып, оны сақтау жұмыстарына көмектескен күйеу бала қараңғы түсе етті түгелімен ұрлап кеткен. Бөтеннің мүлкін ұрлау дерегіне қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Келеңсіз оқиға Тұрар Рысқұлов ауданы Көгершін ауылында тіркелді. Ауыл тұрғыны жаңа сойған жылқы мен қой етінің ұрланғаны туралы полицияға арыз түсірген.

Іздестіру шаралары кезінде күдікке сол үйдің 33 жастағы күйеу баласы іліккен. Ол малды союға сол күні қайын жұртына жәрдемдесіп жүрген. Түн ауа ет жайылған қораның есігін бұзып кіргені белгілі болды. Қайын атасының сойған етін түгелімен алып кеткен.

Полиция мәліметінше, тергеу барысында күдікті ұрлық жасаған сәтте мас болғанын, етті асып жеу үшін алғанын айтқан. Қайын жұрт кешірім бермесе, күйеу бала темір торға қамалуы мүмкін.

«Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігі 3-тармағымен  сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Көрсетілген бапқа сәйкес, екі жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген», – дейді Жамбыл облыстық ПД баспасөз хатшысы. Гүлсара Мұхтарқұлова.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.