
ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің таратқан мәліметтері бойынша, комитеттің Жамбыл облысына қарасты департаменті «Қырықбаевтар» ұйымдасқан қылмыстық тобының 4 мүшесін құрықтаған.
Қылмыскерлер күш көрсетумен қорқытып, өңірлік бизнес-орта өкілдерінің бірінен ақшалай қаражат бопсалаған.
«2019 жылғы 21 мамырда жедел-тергеу іс-шараларын жүргізу барысында қорқытып алынатын соманы алғаннан кейін ҰҚТ-ның екі қатысушысы «Р» және «Д» қылмыс үстінде ұсталды. Сот оларға қатысты қамауда ұстау түрінде бұлтартпау шарасын санкциялады.
2019 жылғы 23-24 мамырда одан әрі іс-шаралар барысында осы қылмысқа қатысы бар ҰҚТ-ның тағы екі мүшесі анықталып, ұсталды.
ҰҚК департаменті сотқа дейінгі тергеу жүргізуде», -деп хабарлайды ҚҰК-нің баспасөз қызметі.
-
23.02.2025
-
23.02.2025
-
23.02.2025
-
23.02.2025
-
23.02.2025
-
23.02.2025
-
22.02.2025
-
22.02.2025
-
22.02.2025