13-05-21 |
470 рет қаралған
«17 рет оқ атқан» Қазан оқиғасы «Терроризм» бабымен қаралуы мүмкін.
«17 рет оқ атқан» Қазан оқиғасы «Терроризм» бабымен қаралуы мүмкін

Қазан мектебінде атыс ұйымдастырған Ильназ Галявиев ісі «Терроризм» бабы бойынша қайта қаралуы мүмкін. Татарстан прокуратурасы Қылмыстық кодексінің 205-бабы туралы айта бастады.

Ресей Қылмыстық кодексінің 105-бабы «Адам өлтіру» бойынша айыпталған Ильназ Галявиев кінәсін толық мойындады. Сот айыпталушыны қамауға екі айға санкция берді. Тергеу комитетінің хабарлауынша, Галявиев мектеп ішінде кем дегенде 17 рет оқ атқан. Бұл туралы РИА Новости жазды.

«Мектеп ғимаратында болған кезде Галявиев өзінің іс-әрекеті адамдарға, оның ішінде жас балаларға өлім әкелетінін түсініп, өзімен бірге алып келген мылтықтан кем дегенде 17 рет оқ атқан, оның ішінде білім беру мекемесінің күзетшісіне де оқ атылды», – деді Татарстан прокурорының орынбасары Алексей Зайка.

Сонымен бірге, тергеу комитеті бұған дейін Галявиевтің қатты бас ауруы салдарынан бірнеше рет дәрігерлерге жүгінгенін, бірақ психиатрда немесе наркологте есепте тұрмағанын атап өткен. Туыстары соңғы айларда оның мінез-құлқында агрессивтілік пен иракция байқалғанын айтқан.

Естеріңізге сала кетейік, 11 мамырда Қазан қаласының No175 гимназиясында атыс болды. 19 жастағы Галявиев тоғыз адамды өлтіріп, 23 адамды жарақаттады. 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.