10-01-20 |
310 рет қаралған
АҚШ Сулейменидің ықтимал шабуылы туралы мән-жайды білмеді – Помпео.
АҚШ Сулейменидің ықтимал шабуылы туралы мән-жайды білмеді – Помпео

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Помпео америкалық арнайы қызметтердің ирандық генерал Касем Сулейманидің АҚШ-қа ықтимал шабуылы туралы ақпараты болмағанын мойындады, – деп хабарлайды РИА Новости.

АҚШ президенті Дональд Трамп 9 қаңтарда Сулейманидің америкалық елшіліктердің бірінде жарылыс жасауды жоспарлағанын мәлімдеген, бірақ ешқандай да нақты мән-жайды айтпаған.

«Қасем Сулеймани жоспарлаған шабуылдардың толық сериясы болатынына ешқандай күмән жоқ. Біз дәл қашан және нақты қайда екенін білмейміз. Бірақ бұл нақты болды», – деді өз кезегінде Помпео.

АҚШ-тың әскери күштері Иран генералы Касем Сулеймани террорист деп атады. 3 қаңтарда Трамптың бұйрығы бойынша оның көзін жойған. Иран АҚШ-та америкалық базалар бойынша зымыранмен соққы жасап, «кек қайтарған».

«Мен Президент лауазымында болған кезімде Иран ядролық қаруға қол жеткізе алмайды», – деп мәлімдеген Трамп өз елінің азаматтарына арнаған үндеуінде. Сондай-ақ, ол зымыран соққылары салдарынан америкалық әскери қызметшілердің біреуі де зардап шекпегенін хабарлаған.

Дереккөз:kaz.tengrinews.kz

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.