16-02-22 |
660 рет қаралған
Америка Украина аумағында соғыс қаупі сейілмегенін болжады.
Америка Украина аумағында соғыс қаупі сейілмегенін болжады

АҚШ президенті Джо Байден Ресейдің Украинаға «шабуыл жасау» қауіпі әлі де бар екенін болжады. Бұл туралы шетелдік басылымдар жарыса жазды. 

 

Байден американдықтарға үндеуі кезінде АҚШ жағдайды дипломатиялық жолмен шешуге дайын екенін атады.

«Егер Ресей Украинаға шабуыл жасаса біз нақты жауап беруге дайынбыз және бұл әлі де мүмкін болып тұр», – деді Байден.

Сонымен бірге, америкалық тарап өзінің мәлімдемелеріне ешқандай дәлел келтірмейді.

Бұған дейін Байден Ресей 16 ақпанды Украинаға «басып кіру» басталатын дата ретінде белгілегенін айтқан болатын. Мұндай мәлімдеме Батыс елдерінің, Еуропалық Одақтың және НАТО басшыларымен келіссөздер барысында айтылды.

Айта кетейік, осыған дейін Украина президенті Владимир Зеленский 16 ақпан  Украина бірлігі күні болатынын мәлімдеген еді. 

Ал сарапшылар өз кезегінде Ресейдің Украина жеріне басып кіру ықтималдығы энергия бағасының көтерілуіне және сұраныстың төмендеуіне әкеліп соқтырады, бұл бірнеше елдерде экономиканың әлсіреуін туғызатынын айтқан.

Қазақстанның Украинадағы елшілігі елдегі қазақстандықтарға үндеу жариялап, төтенше жағдайлар кезінде дер кезінде көмек көрсету үшін Қазақстан Республикасының азаматтарын консулдық тіркеуге тұруға шақырды. 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.