15-06-22 |
520 рет қаралған
АҚШ Украинаға барлау мәліметтерін бермек.
АҚШ Украинаға барлау мәліметтерін бермек
АҚШ қорғаныс министрінің орынбасары Колин Каль Украинаға дүркіндете ататын реактивті қару жүйесімен соққы беруіне қажет барлау мәліметтері берілетінін хабарлады.

АҚШ-та жасалған HIMARS және MLRS реактивті қару жүйелері теория жүзінде Украина аумағынан Ресей жеріндегі нысанаға дейін жете алады, деп хабарлады Азаттық радиосы  «Америка даусына» сілтеме жасап. 

Украина президенті Владимир Зеленский даниялық журналистерге берген сұхбатында Украина армиясы көрші елдегі азаматтық нысандарға қару қолданбайтынын хабарлады.

Бұған дейін АҚШ Киевке әскери көмек ретінде беретін HIMARS реактивті жүйесі 80 шақырымнан аспайтын қашықтағы нысандарды жоюға арналғанын айтқан.

Ресей армиясы Украинадағы әскери инфрақұрылымдарды ғана аттық деп мәлімдеп келеді. Бірақ Украинада тұрғын үйлер мен бейбіт нысандар көптеп қирап, бейбіт адамдар қаза тауып жатыр.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.